русский язык
Басқа

Дрифт бойынша Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды

Дрифт бойынша Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды

16 сәуірде Алматыда Gorilla Drift Championship – 2023 дрифт бойынша Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды.

Биылғы жылы біріншілікке қатысушыларға Freedom Drive компаниясынан мобильді дөңгелек ауыстыру қызметі ұсынылды. Коммерциялық директор Санжар Әбдірахманның айтуынша, үш күн ішінде (екі жаттығу күні және турнир күні) мобильді дөңгелек ауыстыру қызметі автошабандоздардың 300 дөңгелегін ауыстырды.

Астана, Алматы, Екібастұз қалаларынан келген 24 үздік пилот, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген қонақтар CTK Sokol автодромына жиналған 4000-нан астам көрерменге шоу көрсетті.

Біліктілік жарыстарының қорытындысы бойынша, ресейлік Теодор Чевычелов 90 ұпай жинап, үздік атанды.

Mobil1 Racing командасының пилоттары Алексей Дмитриев пен Вячеслав Папашвили турнирдің бірнеше дүркін жүлдегерлері атанды.

Mobil1 Racing өзінің ең танымал М54 турбо қозғалтқышы бар BMW E36 және шамамен 600 аттың күші бар BMW E46c машиналарын жарысқа шығарды. Оған 1,5 бар қысымы бар Zestino жартылай слик дөңгелектері пайдаланылды.

Сұрапыл додадан кейін Алексей Дмитриев пен Михаил Пак, Антон Авдеев және Сергей Овсянников жартылай финалға шықты.

Финалда Михаил Пак жеңіске жетті. Екінші орын Сергейге бұйырды. Антон мен Алексей сәйкесінше үшінші және төртінші орындарды жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, чемпионаттың келесі кезеңі 27-28 мамырда СТК Sokol автодромында өтеді. Үлкен турнирдің соңғы 5-ші кезеңі 2023 жылдың 14-15 қазанында өтеді.

Түпнұсқасы: aikyn.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;