русский язык
Командалық

Баскетболдан Қазақстан чемпионаты: Плей-офф кезеңінің жұптары анықталды

Баскетболдан Қазақстан чемпионаты: Плей-офф кезеңінің жұптары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Баскетболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында тұрақты кезеңі аяқталып, плей-офф кезеңінің жартылай финал жұптары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еліміздің қазіргі чемпионы «Астана» финалға шығу үшін алматылық «Ирбиспен» кездеседі. Командалардың келісімі бойынша барлық серия елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Ойындар 22, 23, 25 сәуірде, қажет болған жағдайда 26 және 30 сәуірде өтеді.

Екінші жартылай финалда «Барсы Атырау» мен «Тобыл» кездеседі. Серия 22, 23 сәуірде Атырауда басталып, 26 сәуірде Қостанайда жалғасады. Қажет болса, 27 сәуірде Қостанайда және 30 сәуірде Атырауда қосымша екі ойын өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;