русский язык
Теннис

Голубев жұптық сында Баня Лукадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Голубев жұптық сында Баня Лукадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиналық спортшы Денис Молчановпен бірге Баня-Лукада өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымдағы кездесуде Голубев/Молчанов жұбы А.Горанссон (Швеция)/Б.Маклахлан (Жапония) дуэтін 6:3, 6:1 есебімен ұтты.

Айта кетейік, матч 1 сағат 14 минутқа созылды.

Андрей Голубев пен Денис Молчанов финалға шығу үшін Д.Мюррей/М.Винус - Г.Эскобар/Д.Идалго матчының жеңімпазына қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;