Айдос Кенжеғұловтың клубы Австрия чемпионатының жоғарғы дивизионындағы орнын сақтап қалды
![Айдос Кенжеғұловтың клубы Австрия чемпионатының жоғарғы дивизионындағы орнын сақтап қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/472_dbb0a3e49614966c511219d1bacade9f.jpg?v=28662402)
Ағымдағы маусымда қазақстандықтар Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар, Бақдәулет Әкімәлі, Искендер Харки қатысқан Badener (Баден) үстел теннисі клубы Австрия чемпионатында қорытынды 6-орын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Команда Австрия чемпионатының жоғарғы дивизионында өз орнын сақтап қалды. Соңғы екі матчта Badener SPG (Линц), UTТC (Зальцбург) клубтарымен 3-3 есебімен тең түсті.
Айта кетейік, шешуші ұпайларды Дастан Кенжеғұлов жеңіп ала алды.