«Сарыарқаның» шабуылшысы бапкер ауысқан соң Қазақстан құрамасына шақырту алды
![«Сарыарқаның» шабуылшысы бапкер ауысқан соң Қазақстан құрамасына шақырту алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201736_063907b97c823de01acee1b8fe58fff7.jpg?v=28667980)
«Сарыарқаның» шабуылшысы Саян Данияр әлем чемпионатына дайындалу үшін Қазақстан құрамасына шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құраманың бұрынғы бапкері Андрей Скабелка оны оқу-жаттығу жиындарына қатысатын кеңейтілген құрамға да қоспаған.
Биылғы маусымда Астана хоккейінің 23 жастағы шәкірті Сарыарқаның намысын қорғады.
Қазақстанның тұрақты маусымында ол 39 кездесу өткізіп, 26 (13+13) ұпай, плей-офф кезеңіндегі 7 ойында 3 (1+2) ұпай жинады.
Айта кетейік, Саян Данияр Қазақстан құрамасы сапында элиталық дивизиондағы соңғы екі әлем чемпионатында өнер көрсеткен.