русский язык
Хоккей

Хоккейден әйелдер арасындағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы екінші рет жеңіліп қалды

Хоккейден әйелдер арасындағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы екінші рет жеңіліп қалды

Хоккейден Сувон қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының I дивизионның В тобындағы екінші тур матчында Қазақстан құрамасы Словения құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:1 есебімен словениялық хоккейшілердің пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында жалғыз голдың авторы Александра Голотвина болды. Ол өз командасында матчтың үздік ойыншысы атанды.

Қазақстандық хоккейшілер әлем біріншілігіндегі келесі ойынын 20 сәуірде Астана уақытымен сағат 12:45-те Италия құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан – Словения 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)
0:1 – Конфиденти (Прен) – 03:10
0:2 – Прен (Конфиденти, Нюландер) – 45:03
1:2 – Голотвина (Саяхатқызы) – 45:21
Қақпашылар: Щеколова – Дукарич

Фото icehockey.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;