русский язык
Командалық

«Астана» Қазақстан чемпионаты матчында «Барсы Атырау» командасынан жеңіліп қалды

«Астана» Қазақстан чемпионаты матчында «Барсы Атырау» командасынан жеңіліп қалды

Баскетболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңі аясында «Астана» баскетболшылары өз алаңында «Барсы Атырау» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 88:67 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

18 сәуірде командалар тұрақты маусымды аяқтайтын екінші матчын өткізеді.

«Астана» (Астана) – «Барсы Атырау» (Атырау) 67:88 (19:18, 16:27, 22:22, 10:21)
«Астана»:
Симонов (14), Майдекин (12, 11), Ыдырысжан (11), Сәрсенғалиев (7), Айтқали (7), Исаенко (7), Оразбеков (5), Абашидзе (4)
«Барсы Атырау»: Марат (26), Диденко (13), Өтеген (10), Таукен (10), Тангиев (8), Шамуратов (6), Макгилл (6), Самсин (4), Иванов (3), Гилмор (2)

Фото nbf.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;