русский язык
ММА

«Нағыз шебер». OCTAGON чемпионының жекпе-жектерінен видео жарияланды

«Нағыз шебер». OCTAGON чемпионының жекпе-жектерінен видео жарияланды

Еуразиялық промоушен Instagram парақшасында ұйымның жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Карим Рузбакиевтің (9-1) жекпе-жектерінен видеоролик жариялады, деп жазады Prosports.kz

Бұған дейін қазақстандық файтер мен «Т-34» лақап аты бар ресейлік Даниял Эльбаев (9-5) сөзбен қағысып, өзара жекпе-жекке шақырған.

Эльбаев поп-ММА жұлдызы, мансабында Hardcore FC, Hype FC, Nashe Delo және Fight For Hype сияқты ұйымдарда өнер көрсеткен.

Айта кетейік, 29 сәуірде Алматыда өтетін O44 турнирінің басты жекпе-жегінде Магомед Магомедов (11-0) қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Кешке билетті zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;