русский язык
ММА

«Швецияға шақырылды». Қазақстандық файтер Чимаевпен спарринг өткізгенін айтты

«Швецияға шақырылды». Қазақстандық файтер Чимаевпен спарринг өткізгенін айтты

OCTAGON лигасының файтері Райымбек Асан (2-0) Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында атақты UFC файтері Хамзат Чимаевпен Таиландта өткен спарринг туралы айтты.

«Иә, мен Хамзатты білемін. Онымен күресіп көрдік, ол қабырға жанында қалай тұру керек екенін көрсетті. Оның бапкерімен де таныстым, ол мені Швецияға жаттығуға шақырып, маған «Welcome» деді», - дейді қазақстандық файтер.

Айта кетейік, Асан кезекті жекпе-жегін 29 сәуірде Алматыда OCTAGON 44 турнирі аясында өткізеді. Жерлесіміз жеңіліп көрмеген ирандық Мохамеджавад Хоссейнабадимен (2-0) кездеседі.

Айта кетейік, 29 сәуірде Алматыда өтетін O44 турнирінің басты жекпе-жегінде Магомед Магомедов (11-0) қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Кешке билетті zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;