русский язык
ММА

Алмабаев: Мектепте ағылшын тілі мен Қазақстан тарихын оқымағаныма өкінемін

Алмабаев: Мектепте ағылшын тілі мен Қазақстан тарихын оқымағаныма өкінемін

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев өскелең ұрпаққа құнды кеңес берді, деп жазады Prosports.kz.

«Мектепте балалар тентек жігіттерге, жоғары сынып оқушыларына еліктегісі келіп, солар сияқты жүргісі келіп тұрады. Мұның бәрі түкке тұғысыз дүние, бәрі босқа кетеді. Мектептегі бос уақытымда ағылшын тілін, ата-бабамыз тарихын оқымағаныма өкінемін. Бізге кең-байтақ жерді ешкім сыйға берген жоқ. Батыр бабаларымыздың күшімен келге жер оның бәрі. Қаншама дамыған елде болдым, территориясы кішкене, ал біздің жеріміз өте үлкен. Бабаларымыз дайындап берген сол жердің қадірін білмей жүрміз. Ел мен жер деп тұрсаңдар, патриот болсаңдар, халқына пайдаларың тиеді. Егер шын талпынсаңыз және еңбек етсеңіз, бәріне қол жеткізуге болады», - деп келтіреді Dar Team баспасөз қызметі Асудың сөзін.

Айта кетейік, жақында Асу Алмабаев әлемдегі ең мықты лига - UFC-мен келісімшартқа отырды. 29 жастағы қазақстандық файтер ММА-да 16 рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;