русский язык
ММА

OCTAGON 44: Алғашқы кардтың үш жекпе-жегі жарияланды

OCTAGON 44: Алғашқы кардтың үш жекпе-жегі жарияланды

OCTAGON лигасы Алматыда 29 сәуірде өтетін O44 турнирінің алғашқы кардының үш жекпе-жегін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Жеңіл салмақта қырғызстандық Кенжебек Абдраимов (3-3) пен қазақстандық Талғат Халмұрадов (4-3) кездеседі.

Тағы бір қырғыз-қазақ текетіресі ең жеңіл салмақта Сұлтан Орозмаматулы (7-9) мен Алтынбек Мағаз (7-3) арасында өтеді.

Жеңіліп көрмеген бұрымды файтерлер ирандық Масумих Резаи (2-0) мен қазақстандық Меруерт Нұрмаханова (2-0) кездеседі. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта өтеді.

Айта кетейік, 29 сәуірде Алматыда өтетін O44 турнирінің басты жекпе-жегінде Магомед Магомедов (11-0) қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Кешке билетті zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;