русский язык
Хоккей

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Ұлыбританиядан жеңілді

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Ұлыбританиядан жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританияға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел құрамасы 17-23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында сынға түседі.

Кездесу барысында алғашқы екі кезеңде құрамалар бір-бірінің қақпасына гол соға алған жоқ. Үшінші кезеңде ұлыбританиялық хоккейшілер енгізген жалғыз гол кездесу тағдырын шешті.

Ел құрамасы Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея хоккейшілерімен А тобына жолдама алу үшін сайысады. Жоғары дивизионға жеңімпаз көтеріледі.

Енді қазақстандық хоккейшілер 18 сәуірде Словениямен шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 09:15-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;