Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы мансабын аяқтады
![Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы мансабын аяқтады](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201736_f862e05a3ed9cf6d74ac8f6278d6954d.jpg?v=28669329)
Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Найджел Доус спорттағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Манхайм клубының сайтында хабарланды.
38 жастағы Доус 2022/23 маусымында неміс клубы сапында 36 ойынға қатысып, 24 (13+11) ұпай жинады.
Бұған дейін шабуылшы Фонбет ҚХЛ чемпионатында «Барыс», «Автомобилист» және «Ақ Барс» командаларында өнер көрсеткен. Ол лигада барлығы 608 ойын өткізіп, 550 (293+257) ұпай жинады.