русский язык
Хоккей

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

17-23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында шайбалы хоккейден әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді.

Ел құрамасы Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея хоккейшілерімен А тобына жолдама алу үшін сайысады. Жоғары дивизионға жеңімпаз көтеріледі.

Бапкерлер құрамы дүбірлі додаға 23 ойыншыны алып барады. Олардың қатарына 3 қақпашы мен 20 ойыншы енген.

Қазақстан құрамасының ойыншылары төмендегіше:

Қақпашылар: Дарья Дмитриева, Полина Говтва (екеуі де - «Торпедо», Өскемен) Арина Щеколова («Томирис», Астана)

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Анастасия Дубровская, Катрин Мескини (барлығы - «Торпедо», Өскемен), Алина Иванченко, Анна Пяткова, Мәдина Тұрсынова (барлығы - «Айсұлу», Алматы), Жанель Қозғұлова, Дария Молдабай (барлығы - «Томирис», Астана)

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсұлу», Алматы), Пернеш Әшімова, Александра Голотвина, Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова (барлығы - «Томирис», Астана), Мадианна Нүсіпова («Жұлдыз», Алматы), Дильназ Саяхаткызы, Мунира Саяхаткызы, Карина Фельзинк (барлығы - «Торпедо» (Өскемен).

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

17 сәуір. 09:15. Ұлыбритания - Қазақстан

18 сәуір. 09:15. Қазақстан - Словения

20 сәуір. 12:45. Италия - Қазақстан

22 сәуір. 16:15. Қазақстан - Польша

23 сәуір. 12:45. Қазақстан - Оңтүстік Корея.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;