Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
![Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/203991_36c28c1afc550af30220d65c226d5a16.jpg?v=28668107)
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Помонада (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кеші аясында жекпе-жек өткізді. Қазақстандықтың қарсыласы мексикалық Даниэль Эчеверриа (21-11, 18 КО) болды. Сегіз раундқа жоспарлаған жекпе-жектің екінші раундында Әбілхан қарсыласын нокаутқа түсірді.
Осылайша қазақстандық боксшы проф-рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.