Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шықты
![Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/472_fe9690f768101d4bbc43ccfc6cb5a273.jpg?v=28664949)
Бүгін теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Астанадағы Билли Джин Кинг кубогында Польша құрамасымен кезекті кездесуін өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесудің алғашқы матчында Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Магда Линетті 6-4, 6-2 есебімен жеңді.
Кешегі күннің қорытындысы бойынша кездесудегі есеп біздің құраманың пайдасына 2:0 болды. Осылайша, Елена Рыбакинаның жеңісі Қазақстан құрамасына турнирдің финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік берді.
Бүгін жекелей сында Юлия Путинцева Вероника Фальковскимен кездеседі. Жұптық сында Анна Данилина мен Гозал Айнитдинова Алисия Росольска/Вероника Фальковскаға қарсы матч өткізеді.
Фото: Андрей Ударцев