русский язык
ММА

«Мұрнын бет қыламын – тактикам осы». «Мотиватор» тәжікстандық «Гангстерді» қарсылас көрмей отыр

«Мұрнын бет қыламын – тактикам осы». «Мотиватор» тәжікстандық «Гангстерді» қарсылас көрмей отыр

OCTAGON 44 турнирінің негізгі кардында жеңіл салмақ дәрежесінде екі тартысты жекпе-жек өтеді.

Дивизион чемпионы атағына үміткер тәжікстандық «Гангстер» Шерзод Ибодилоев тәжірибелі қазақстандық спортшы Дархан «Мотиватор» Сқақовпен кездеседі.

Сқақов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жекпе-жекке тактикасы, нокаутқа түсіру жоспарлары туралы айтып берді және болашақ қарсыласына үн қату мүмкіндігін пайдаланбады.

– Дархан, қазір қатарынан үш жеңіліс сериясымен келе жатсыз. Карьераңыздағы мұндай сәтсіз серияның себебі неде?

– Жекпе-жектерге дайындалмағаныммен байланысты. Өмірімді реттеу керек болды - мен пәтер сатып алдым, егіз балаларым дүниеге келді. Енді бұрынғы Дарханның оралуын күтіңіздер!

- 29 сәуірде сізді Шерзод Ибодиллоевқа қарсы тағы бір қиын жекпе-жек күтіп тұр. Қарсылас туралы не білесіз және оның мықты жақтары неде?

– Меніңше, Шерзодты тым жоғары бағалайды. Ол әлі жас, онда тәжірибе де, физика да, техника да жоқ. Оның мықты жағы – тілі.

– Бұл жекпе-жекте жеңіске жету мүмкіндігіңізді қалай бағалайсыз?

– Алланың қалауымен барлық жағынан жеңемін.

- Тәжікстандық файтермен жекпе-жек сіз үшін жеңіс жолына оралуға жақсы мүмкіндік сияқты. Бұл жекпе-жекте сіз үшін қаншалықты маңызды?

– Иә, бұл менің үлкен спортқа оралуым, оны оңай жеңемін, иншаАллаһ.

- Дамир Төленовке қарсы чемпиондық жекпе-жекте тәжікстандық файтер кездесудің алғашқы секундтарында-ақ жеңіліп қалды. Бұл кездейсоқтық па әлде Шерзодтың шынайы деңгейі ме, қалай ойлайсыз?

– Бұл Шерзодтың нағыз деңгейі. Дамирдің соққылары қатты, мен оны жекпе-жекте сездім, бірақ мен оған 20 күн дайындалдым. Маған бір ай бұрын ескертті, бір апта бойы белгілі себептермен жаттыға алмадым.

- Ибодиллоевқа қарағанда мықтырақ қарсыластармен жекпе-жектеріңіз көп. Қандай жағдайда бұл фактор жекпе-жек нәтижесін сіздің пайдаңызға шеше алады деп ойлайсыз ба?

– Иә, мен әлдеқайда тәжірибелі әрі шебермін, менде әуесқойларда атақты қарсыластарым көп. Тіпті қазір UFC-де жүргендер де бар.

- Тактикаға егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ, жеңіске жетудің жоспарын айта аласыз ба?

– Мұрнын бет қыламын – тактикам осы. Мүмкіндік болса, күресемені.

- Жеңіл салмақтағы чемпиондық жарысқа оралу ойыңызда бар ма?

– Қазір OCTAGON лигасында шетелдік файтер көп. Мен бұл жекпе-жекте жеңіске жетіп, «Қазақ легионына» шабуылдап жүргендерді жекпе-жекке шақырамын. Маған титул маңызды емес, ең бастысы туған жерімізде қалса болды.

– Шерзод Ибодиллоевқа бірер сөз айтқыңыз келе ме?

– Шерзод, жаттығу жасап, азырақ сөйле. Қазақстанда нағыз гангстер кім екенін жақын арада көреміз!

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорттық агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Фото: www.instagram.com/darkhanskakow/, https://www.instagram.com/sher_ibodiloev/

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;