русский язык

Қазақстан құрамасының футболшысы Рамазан Оразов клуб ауыстырды

Қазақстан құрамасының футболшысы Рамазан Оразов клуб ауыстырды

Биылғы маусымды «Ақсу» сапында бастаған 25 жастағы жартылай қорғаушы Рамазан Оразов «Тобылға» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бул туралы павлодарлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Рамазан Оразов кәсіби деңгейде «Қайрат» жүйесінде ойнай бастады, кейін ол Латвияның «Даугавпилс», ресейлік «Чайка» (Пещанокопское) командаларында ойнады, футболшы соңғы бір жылды Ақтөбеде өткізді.

Рамазан Оразов Қазақстан құрамасына бірнеше рет шақырылып, оның жейдесінде 14 кездесу өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;