русский язык

Виктор Васин: Есепте алда болғанда сенімдірек ойнау керек

Виктор Васин: Есепте алда болғанда сенімдірек ойнау керек

«Қайраттың» вице-капитаны клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 5-ші турындағы «Жетісуға» (2:3) қарсы ойын туралы пікір білдірді.

– Кездесу барысында екі рет алға шықтыңыздар. Жеңісті сақтап қалу үшін командаға не жетіспеді?
– Кейбір сәттерде жай ойнау керек болған шығар. Бізге әлі тәжірибе жетіспейді. Оған қоса, есепте алда болғанда сенімдірек ойнау керек.

– Гол соққан сәтіңіз жайлы бір-екі ауыз сөз айтып кетсеңіз.
– Ойын алдында дайындаған стандартымыз іске асты. Адик алыс бағанадан жақсы лақтырып жіберді, мен сол жерден мүлт кетуім мүмкін емес еді.

– Алда – «Астанамен» матч. Ойыннан не күтесіз, команданың дайындығы қалай?
– Ешкімді арнайы дайындаудың қажеті жоқ, өйткені біз чемпионаттың көшбасшысымен ойнаймыз. Дайындығымыз жақсы болады. Дайындалу үшін бір апта бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;