русский язык

Андрей Ульшин: Өкінішке орай, менің голым нәтижеге әсерін тигізбеді

Андрей Ульшин: Өкінішке орай, менің голым нәтижеге әсерін тигізбеді

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 5-ші турындағы «Жетісуға» (2:3) қарсы ойынға қатысты пікір білдірді:

– Ойын тартысты өтті. Есепте екі рет алға шықтық. Команда өз алаңында жанкүйерлерімен бірге жеңіске жеткісі келсе де, матч соңындағы екі қатенің кесірінен ұтылдық. Қолдау көрсеткеніне оларға рақмет айтамын!

– Алаңға шығар алдында бапкерлер штабынан қандай нұсқау алдың?
– Алаңға шықпас бұрын бапкер өткір пастардың арқасында алға шығып, гол соғатын мүмкіндіктер жаса деп тапсырды.

– Айып добынан әдемі гол соғып, оны беріліп тұрып атап өттің. Осы сәт туралы айтып берші. Соққан голыңды кімге арнадың?
– Жаттығуда айып соққысынан теуіп, машықтанамын. Бұл ойында гол соға алғаныммен, өкінішке орай, гол нәтижеге әсерін тигізбеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;