русский язык
Басқа

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін талас: Непомнящий екінші партияда Лиженді ұтып кетті

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін талас: Непомнящий екінші партияда Лиженді ұтып кетті
Ресейлік Ян Непомнящий елордада шахматтан өтіп жатқан турнирдегі екінші партиясын аяқтап, қара тастармен бұл жолы Дин Лиженді (Қытай) шаң қаптырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұпай саны 1,5:0,5 болып, Ян жеңіске жетті. Ал алдында ақ тастармен ойнағанда ойын тең түскен еді.
"Партия сәтті болды. Басында Дин 4.h3-ке жүрген кезде, қатты ойланып қалдым. 10 минуттан астам уақыттай отырдым. Ақыры дұрыс шешім тапқаныма қуаныштымын, содан кейін бәрін өз қолыма алдым. Қандай эмоцияда болдыңыз дейсіз бе? Бұл Рихард Раппорттың идеясы екенін түсіндім (Дин Лиженнің секунданты). Олар мені таң қалдыруға тырысты. Матчта жолым болғанына қуаныштымын".Ян Непомнящий
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;