Қазақстан гольф федерациясына жаңа басшы келді
![Қазақстан гольф федерациясына жаңа басшы келді](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201736_fa3b02b713af868dfe43db1f35b34136.jpg?v=28702947)
Берік Қаниев Иманғали Тасмағамбетовтің орнына Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қаниев – қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері. Ол сонымен қатар «Жас Қыран» жасөспірімдер футбол орталығының, Республикалық физика-математика мектебінің және басқа да жобалардың негізін қалаушы.
Федерацияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Берік Қаниев президент ретінде елде гольф спортын дамытып, танымал етуді жоспарлап отыр.