русский язык
Басқа

Шымкентте сұрмергендер арасында халықаралық сайыс өтіп жатыр

Шымкентте сұрмергендер арасында халықаралық сайыс өтіп жатыр

Шымкент қаласында тапаншамен және винтовкамен нысана көздеуден халықаралық гран-при өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

«Алтын мерген» деп аталатын жарысқа қазақстандық спортшылардан бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Беларусь елдерінен 200-ге жуық сұрмерген жиналды. Олар 1 аптаға жуық уақыт бірнеше бағытта өзара мықтыны анықтайды. Яғни, жекелей сындарда 15, ал аралас сындарда 3 медаль жиынртығы сарапқа салынбақ.

Алғашқы жарыс күндері жерлестеріміз арасынан Никита Чирюкин сәтті өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ол тапаншамен 25 метрден нысана көздеу бәсекесіне қатысқан болатын. Айта кетейік, Никита әлемдік рейтингте қазір 6-шы тұр. Бұған қоса ұлттық құрама сапындағы Елизавета Безрукова мен Кирилл Кузьмич күміс медаль еншіледі.

Аралас жұптық сында да бір күмісіміз бар. Ал Андрей Худяков Артемий Кабаков, Юрий Юрков және Фатима Ирназарова сияқты жерлестеріміз қолаға қол созды. Жалпы, есепте әзірге Ресей мен Беларусь спортшылары топ бастап келеді. Тіпті Беларусь өкілі Юрий Щербацевич пен Владимир Чернов рекорд орнатып та үлгерді. Шымкенттегі жарыс 12 сәуірге дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;