русский язык

«Бүгін жеңіс бізге бұйырды». «Жетісу» футбол клубының бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч туралы

«Бүгін жеңіс бізге бұйырды». «Жетісу» футбол клубының бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч туралы

«Жетісу» футбол клубының бас бапкері Алмас Құлшынбаев «Қайратқа» қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Менің ойымша ойын барлығына, әсіресе жанкүйерлер үшін қызықты өтті. Мен өзім футболдан шыққан адам ретінде айтарым, бүгін біздің күнделікті тер төккен әр еңбегіміздің жемісін жеп отырмыз деп есептеймін. Менің ойымша, чемпионаттың алғашқы үш ойынның кем дегенде екеуінде біз жеңілістің ащы дәмін татуға лайықты болған емеспіз, сондықтан бүгін жігіттерге ойында көрсеткен жігерлері үшін алғысымды білдіремін.

Тағы да айта кететін жайт, бұның алдында өте көп әңгімелер, түсініспеушіліктер орын алған болатын, сол себепті айтарым, футбол заңдылығына сәйкес команда негізінен үш жылда қалыптасады, ал біз команданы бір жарым айдың ішінде құрастырдық. Ойыншылардың алаңдағы өзара түсіністігі, байланыстары бірден қалыптаспайды, сондықтан, біздің ойын бірте-бірте жақсарып келе жатыр деп есептеймін, жігіттер бір-бірлерін түсінуде. Негізінде, «Қайратта» және бізде жеңіске лайықты болдық, бүгін жеңіс бізге бұйырды», - деді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;