русский язык

Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жанкүйелері арасында жаппай төбелес болды

Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жанкүйелері арасында жаппай төбелес болды

Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері төбелесіп қалды. Оқиға орнына барған полиция 20 адамды ұстап әкеткен, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін әлеуметтік желілерде топ-тобымен жанжалдасқан ер адамдардың видеосы тарады. Анықталғандай, жұдырықтасқандар футбол командаларының жанкүйерлері болып шыққан.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіпсіздік жасаған 20 адам ұсталған.

«Еңбекші АПБ-на 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі «Прага» кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды.

Белгілі болғандай, «Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік орын алған. Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда», - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаменті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;