русский язык
ММА

Адесанья мен Перейра UFC 287 турнирінде қанша табыс табатыны белгілі болды

Адесанья мен Перейра UFC 287 турнирінде қанша табыс табатыны белгілі болды

Орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы жаңа зеландиялық Исраэл Адесанья Майамиде (АҚШ) UFC 287 турнирінде өтетін Алекс Перейрамен реванш үшін кемінде 1 миллион доллар алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы әрі қазіргі титул иегері бразилиялық Алекс Перейраның табысы кемінде 500 мың долларды құрайды.

Турнирдің тағы бір танымал қатысушылары және ұйымның жартылай орта салмақтағы титулына бұрынғы үміткерлер (77 келіге дейін) америкалық Хорхе Масвидал мен бразилиялық Гилберт Бернс сәйкесінше кемінде 520 000 және 260 000 доллар алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;