Баскетболдан Қазақстан чемпионатында «Астана» «Барсы Атырауды» ұтты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Астана» баскетболшылары Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңінде «Барсы Атырау» командасымен сырт алаңда өткен бірінші турда жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 62:67 есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталды. «Барсы Атыраудың» шабуылдаушы қорғаушысы Эрик МакГилл 21 ұпаймен кездесудегі ең нәтижелі ойыншы болды.
9 сәуірде Астана уақытымен сағат 18:00-де бұл командалардың екінші кездесуі өтеді.