русский язык
Бокс

Бокстан ел құрамасындағы допинг дауынан кейін Азия чемпионатының қола жүлдегері спорттан уақытша шеттетілді

Бокстан ел құрамасындағы допинг дауынан кейін Азия чемпионатының қола жүлдегері спорттан уақытша шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев Қазақстан құрамасындағы допинг дауынан кейін спорттан шеттетілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас жаттықтырушының сөзінше, Төлтаев қазір жаттығуларға қатыспайды.

"Командаға қосылған соң дәрігерлер мен ғылыми кешен тобының мүшелерін жинап, жұмыс бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертеді. Тіпті көшеден су ішпесін деп айтамыз. Ал Саматәлі достары мен туыстарының кеңесі бойынша дәрумен ішеді деп ойлаған. Бүгін одан сынама алынады. Барлығын халықаралық комиссия шешеді. Қазір үйіне қайтардық, жаттығуларға қатыспайды. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында", – деді ол.

Егер спортшының допинг қабылдағаны расталса, 4 жылға спорттан шеттетілуі мүмкін. Ал әлем чемпионаты 1 мамырдан 14 мамырға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;