Дәулет Дәукенов Еуропада жекпе-жек өткізеді
![Дәулет Дәукенов Еуропада жекпе-жек өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201736_fe7e17b8380779ac56ea22a5ba3e4be8.jpg?v=28669214)
Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (11-2, 5 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін 21 сәуірде Оломоуц қаласында (Чехия) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 жастағы отандасымыз 26 жастағы аргентиналық Аугусто Хебральдо Кучарскимен (8-5-1, 3 КО) жұдырықтасады.
Дәулет Дәукенов бұған дейін де Чехияда жекпе-жек өткізген. Биыл 18 ақпанда ол Пльзенде никарагуалық Серхио Гонсалесті (10-33-5, 7 КО) нокаутқа түсірді.