Допинг дауы: Қазақстандық әлем чемпионы уақытша жарыстан шеттетілді

Допинг дауы: Қазақстандық әлем чемпионы уақытша жарыстан шеттетілді

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Athletics Integrity Unit (AIU) тәуелсіз жеңіл атлетика органының шешімімен жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sport24.ru-ға сілтеме жасап.

27 жастағы спортшы допингке қарсы ережені бұзып, тыйым салынған затты немесе әдісті пайдаланды деген күдікке ілінді.

Бұған дейін Кения құрамасында өнер көрсеткен Джеруто 2022 жылдың қаңтарынан бері Қазақстан атынан бақ сынап жүр.

2022 жылғы әлем чемпионатында Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңімпаз атанып, жарыс рекордын орнатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или