русский язык
Әлем футболы

«Милан» Ибрагимовичпен келісімшартты ұзартпайды

«Милан» Ибрагимовичпен келісімшартты ұзартпайды

Италиялық «Милан» швед шабуылшысы Златан Ибрагимовичпен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

41 жастағы Ибрагимович осы маусымда «Милан» сапында бар болғаны төрт ойынға шықты,. Алаңда 144 минут өткізді.

Ибрагимович «Милан» сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Футболшы россонериге 2022 жылы Италия чемпионатының алтын медалын жеңіп алуға көмектесті.

Швециялық шабуылшының миландық клубпен келісімшарты осы маусымда аяқталады. Ибрагимович «Миланнан» кетсе, кәсіби футболшы мансабын жалғастыра ма, жоқ па, әлі белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;