русский язык
Футбол

Эрфан Зенели: «Астана» қорғаныста мұқият ойнады»

Эрфан Зенели: «Астана» қорғаныста мұқият ойнады»

ХИК командасының жартылай қорғаушысы Эрфан Зенели қазақстандық «Астанамен» өткен кездесу жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қос команда да гол соғатын жүз пайыздық мүмкіндік болмады. «Астана» қорғаныста өте мұқият ойнады. Тең нәтиже әділетті деп ойлаймын. Әрине, өз алаңымызда жеңсек жақсы болар еді. Келесі кезеңге өте мүмкіндігіз әлі де бар. Енді Астанада жеңіске жетуге тырысамыз», -  деді Зенели Iltalehti.fi. басылымына.

Естеріңізге сала кетсек, Хельсинкиде өткен ХИК пен «Астана» арасындағы кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған болатын. Қарымта ойын 5-ші тамыз күні «Астана Аренада» өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;