русский язык
ММА

«Біздің мақсат – UFC белбеуін алып, Қазақстанға әкелу». Мақсұм - орындалған арманы, АҚШ-тағы жаттығуы және қарсыластары туралы

«Біздің мақсат – UFC белбеуін алып, Қазақстанға әкелу». Мақсұм - орындалған арманы, АҚШ-тағы жаттығуы және қарсыластары туралы

Бүгін Асу «Зүлфиқар» Алмабаевтан кейін тағы бір болашағы зор қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC ұйымымен келісімшарт жасасқаны ресми түрде белгілі болды.

Prosports.kz тілшісі отандық файтерді әлемдегі ең үздік ММА лигасымен келісімшартқа отыруымен құттықтап, оған бірнеше сұрақ қойды.

– Азат, UFC-мен көптен күткен келісімшартқа қол қойылды, сізді осы жетістігіңізбен құттықтаймыз! Бұл оқиға сіз үшін нені білдіреді?

– Тілектеріңізге көп рақмет! UFC бала кезімнен арманым болған, қазір ол орындалды. Менің ойымша, UFC-ге бару - әрбір файтердің арманы.

– Әлемдегі ең мықты лигаға апарар жол қиын болды. UFC-ден, карьераңыздың жаңа кезеңінен не күтесіз?

– Енді бұл мені екі есе жігерлендіреді, әлемдік аренада туымызды биікке көтеру үшін бұдан да жақсы дайындаламыз.

– Біраз уақыттан бері АҚШ-та жаттығып жүрсіз. UFC, әлемнің ең үздік залдары мен файтерлерінің атмосферасын сезініп үлгердіңіз бе?

– Иә, он күн болды, акклиматизациядан өттік. Біз жаттығатын залда көптеген UFC файтері бар. 57 келіде өнер көрсететін файтерлер де бар, атап айтқанда Тацуро Таира, ол да жеңіліп көрмеген, рекорды - 13-0.

– Америкадағы файтерлермен достасып үлгердіңіз бе?

– Мұнда барлық файтер мен жұрт өте мейірімді. Ешкіммен достасып үлгермедім, себебі бізде тіл жағынан кедергі бар, бірақ ағылшын тілін үйренуге тырысып жатырмыз.

– Лигадағы дебютіңіз қашан болуы мүмкін?

– Дебют туралы әзірге белгісіз. Жазда немесе күзде жекпе-жек береді деп ойлаймын.

– Өз дивизияңыздағы файтерлердің бәрін білетін шығарсыз. UFC-дегі алғашқы жекпе-жекті кіммен өткізгіңіз келеді?

- Иә, өз дивизионымдағы көптеген файтерді білемін, бірақ бірінші жекпе-жекте қарсыласты таңдай алмаймын. Болашақта кездескім келетін белгілі бір файтерлер бар.

Әлемнің ең үздік лигасында алдыңызға қандай мақсаттар қойдыңыз?

– Біздің мақсат – UFC белбеуін алып, Қазақстанға әкелу.

– Қазақстандағы жанкүйерлеріңізге не айтар едіңіз?

– Қолдауларыңызға рақмет – хабарламалар мен посттарды көріп жүрмін! Менеджерім Нұраддин Садықовқа және маған осындай мүмкіндік сыйлаған OCTAGON лигасына рақмет.

Фото: OCTAGON

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;