Қайрат Ахметов Деметриус Джонсонмен бір кардта жекпе-жек өткізеді
![Қайрат Ахметов Деметриус Джонсонмен бір кардта жекпе-жек өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201131_f8c7b104fd68c85059a8b5a9d34daf39.jpg?v=28709295)
Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Қайрат Ахметов Instagram желісіндегі парақшасында өзінің қатысуымен өтетін ONE Championship турнирі жайлы мағлұмат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық 5 мамырда Блумфилдте (Колорадо, АҚШ) өтетін ONE Fight Night 10 турнирінің толық кардын жариялады.
Ахметовтың қарсыласы австралиялық спортшы Рис Макларен (16-8) болады. Кештің басты жекпе-жегі жеңіл салмақ дәрежесінде промоутерлік чемпион Деметриус Джонсонның Адриано Мораеске қарсы реваншы болмақ.
Айта кетейік, 2015-2017 жылдары қазақстандық жеңіл салмақтағы белбеудің иегері болған. Соңғы жекпе-жекте жапондық Тацумицуды жеңді.