«Азат – OCTAGON лигасының файтерлерге беретін мүмкіндігінің жарқын үлгісі»
![«Азат – OCTAGON лигасының файтерлерге беретін мүмкіндігінің жарқын үлгісі»](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201131_d9885080a73b2fc1afdc11bba632cac7.jpg?v=28709289)
Қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы OCTAGON лигасы ресми мәлімдеді.
- Тарихта алғаш рет Қазақстанда құрылған лига әлемдегі үздік промоушенге жол салды. Азат Мақсұм OCTAGON лигасында 8 жекпе-жек өткізіп, чемпион атанды және өз салмағында болашақ ММА жұлдызы.
Біз Мақсұмның UFC-мен келісімшарт жасауын мақтан тұтамыз. Азат – OCTAGON лигасының файтерлерге беретін мүмкіндігінің жарқын үлгісі, – делінген хабарламада.