русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен бірге әлемдік бокс рейтингіне енді

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен бірге әлемдік бокс рейтингіне енді

BoxLive Жәнібек Әлімханұлын бокстан ең белсенді әлем чемпиондарының рейтингіне қосты.

Әлімханұлы WBO белбеуіне иелік етеді. Оның жекпе-жектері арасындағы орташа белсенділік – 219 күн (белбеуін қорғаған жекпе-жектер). Осылайша спортшы 4-орынға тұрақтаған. Бұл көрсеткіш бойынша 202 күнмен кубалық Дэвид Моррель көш бастады.

Еске салайық, Дэвид Моррель 2022 жылдың қарашасында Айдос Ербосынұлымен жұдырықтасып, отандасымызды 12-раундта нокаутқа жіберген.

Рейтингте 2-орында Сауль "Канело" Альварес, 3-орында Девин Хейни тұр.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;