русский язык
ММА

«Камера алдында мықтысың, іске келгенде қорқақсың». Қазақстандық чемпион қарсыласына үн қатты

«Камера алдында мықтысың, іске келгенде қорқақсың». Қазақстандық чемпион қарсыласына үн қатты

Еуразиялық аралас жекпе-жек промоушенінің чемпионы Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (9-0) жекпе-жектен бас тартқан әзербайжандық қарсыласы Фарид Алибабазадеге (9-5-1) үн қатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгін Фарид жекпе-жектен бас тартқанын естідім. ММА-ді бақылап жүргендерге айтшы, басында ұсынысымды қабылдап, енді неге бас тартып отырсың? Камера алдында мықтысың, іске келгенде қорқақ екенсің. Мамырда жекпе-жек өткізейік, жақсы әрі әдемі жекпе-жек көрсетейік, халықты қуантайық. Кейін қайда кетсең де өзің біл», – деді Төленов.

Еске салайық, наурыз айында Алматыда өткен OCTAGON 43 турнирінде әзербайжандық файтер қазақстандық Әлішер Ғабдуллинді жеңгеннен кейін Төленов Алибабазадені жекпе-жекке шақырған, ал ол келіскен болатын.

Айта кетейік, Еуразиялық аралас жекпе-жек промоушенінің келесі ивенті - OCATGON 44 29 сәуірде Алматыда өтеді. Турнирдің негізгі жекпе-жегінде Магомед Магомедов (11-0) жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағын Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;