русский язык
Басқа

Жазғы универсиада-2023 Ақтауда өткізілмек

Жазғы универсиада-2023 Ақтауда өткізілмек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Yessenov University ұйымдастыруымен алғаш рет Ақтауда 24 мамыр – 24 маусым аралығында ХІІ жазғы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің Универсиадасы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдастырушы университет президенті Б.Б.Ахметовтың айтуынша, бұрынғы универсиадалар спорт түрлері бойынша үш-төрт қаланы қамтитын болса, Aqtau-2023 универсиадасында 17 спорт түрінен 20 жарыстың бәрі Ақтауда қаласында өтеді.

"Сонымен қатар алдыңғы универсиада бағдарламасында 30-дан аса спорт түрі болса, қазір олар 17-ге дейін ықшамдалып, ең негізгі спорт түрлері ғана таңдалған. Яғни университеттердегі спортшылардың көп айналысатын спорт түрлерінің бейініне қарай, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесе отырып, Дүниежүзілік универсиаданың бағдарламасына басымдық беріліген", - делінген министрлік хабарламасында.

Жарыс түрлерін ұйымдастыру бойынша:

  • Самбо, грек-рим күресі, дзюдо және еркін күрес, жеңіл атлетика түрлері «Маңғыстау-Арена» спорт сарайында өтеді.
  • Баскетбол, волейбол, футзал мен бокс «Халық-Арена» спорт сарайында өтеді. Бұл орталықта теннис және бадментон сайыстарын ұйымдастыруға да мүмкіндік бар.
  • «Арыстан-Арена» спорт кешенінде жүзу, ал қалған спорт түрлері Yessenov Sport Club студенттік кешенінде өтеді.
  • Универсиаданың ашылу салтанаты 5 маусым күні «Мұнайшы» стадионында және жабылу салтанаты 24 маусым күні «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;