русский язык
Басқа

Бибісара Асаубаева: Үндістандағы Гран-при кезінде алғаш рет ораза ұстадым

Бибісара Асаубаева: Үндістандағы Гран-при кезінде алғаш рет ораза ұстадым
Шахматтан екі дүркін чемпион Бибісара Асаубаева Нью-Делиде әйелдер арасында өткен Гран-придің үшінші кезеңіндегі ойынына тоқталып, турнир кезінде алғаш рет ораза ұстағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір күн бұрын Нью-Делиде Бибісара Асаубаеваның қатысуымен әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің үшінші кезеңі аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бибісарадан бөлек, үздіктер тізіміне алты ұпаймен Александра Горячкина (Ресей) мен Чжу Цзиньэр (Қытай) кірді.

"Бұл менің өмірімдегі ең қиын турнирлердің бірі болды. Турнирге дейінгі жағдайларға байланысты 8 ойынды қатарынан демалыссыз өткізуге мәжбүр болдым. Турнир кезінде алғаш рет ауыз бекіттім. Оған қоса орта тұсында ауырып қалдым. Жеңімпаз атанып, ерлер арасындағы гроссмейстердің екінші ұпайын жеңіп алғандықтан, нәтижеге көңілім толады. Әлі дее жұмыс істеу керек. Келесі турнир Астанада өтеді, сондықтан демалуға уақыт жоқ.Бибісара Асаубаева
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;