«Павлодар» волейболдан Қазақстан чемпионы атанды
![«Павлодар» волейболдан Қазақстан чемпионы атанды](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201736_535f0b474f7d16d27c62b20532cb0315.jpg?v=28651881)
Павлодарда волейболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің финалдық сериясы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нәтижесінде «Павлодар» клубы 2022/2023 жылғы ел чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.
«Павлодар» ойыншылары финалдық серияда «Атыраудан» басым түсті. Қос команда арасындағы екінші ойын нәтижесі – 3:2 (20:25, 25:20, 19:25, 25:18, 15:11).
Қола жүлде «Таразды» 2:0 есебімен жеңген алматылық «Буревестник» командасына бұйырды. Екінші ойында алматылық команда 3:0 (25:16, 26:24, 25:21) есебімен жеңіске жетті.
Бесінші және жетінші орын үшін серияның екінші кездесуі мынадай нәтижемен аяқталды:
5-орын үшін. «Жайық» (Орал) – «Алтай» (Өскемен) 3:1 (25:20, 22:25, 25:21, 26:24). Сериядағы есеп – 2:0
7-орын үшін. «Ұшқын» (Көкшетау) – «Есіл» (Петропавл) 0:3 (23:25, 15:25, 20:25). Сериядағы есеп – 0:2.