Жалғас Жұмағұловқа UFC-де жаңа қарсылас табылды
![Жалғас Жұмағұловқа UFC-де жаңа қарсылас табылды](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/203991_d73274f9d48b5f3577040a068830b38a.jpg?v=28703784)
Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов жақында ғана жарақат алған америкалық файтер Нейт Мэнесстің орнына жаңа қарсылас тапқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қарсыласым жарақат алып, жекпе-жектен бас тартты, бірақ олар бірден Нейтті алмастыратын адамды тапты. Сәуірдің аяғында ол жекпе-жекке шығуы керек еді, бірақ оның қарсыласы жарақат алып қалды, енді екеуміз төбелесеміз. Қарсылас жақсы, жас, сондықтан қызық жекпе-жек болады», - деді Жұмағұлов Instagram парақшасында.
Еске салайық, Жұмағұлов үшін бұл жекпе-жек UFC-мен келісім бойынша соңғысы болмақ.