русский язык
Футзал

Кака маусым соңында «Қайраттан» кетеді

Кака маусым соңында «Қайраттан» кетеді

«Қайрат» АФК бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2022/23 жылғы маусым аяқталғаннан кейін алматылық клубтан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қазақстандық спорт БАҚ-тарының біріне берген сұхбатында «Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков айтты.

«Келісімшарт шынымен аяқталуға жақын. Бір жыл бұрын біз жаңа келісімшаратты талқылаған болатынбыз, бірақ сол кезде де осы маусым Кака үшін соңғы маусым болатынына келістік. Каканың белгілі отбасылық міндеттері бар, сондықтан біз бірге осындай шешім қабылдадық», - деді Оразбеков.

Сондай-ақ алматылық клуб басшысы Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазының жаңа бас бапкеріне қатысты шешім 25 сәуірде шығатынын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;