русский язык
ММА

Рахмонов пен Усман жекпе-жек өткізе ме

Рахмонов пен Усман жекпе-жек өткізе ме

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен жартылай орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы нигериялық Камару Усман арасында жекпе-жек өтетіні туралы ақпарат расталмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шавкат Рахмонов – Камару Усман жекпе-жегі туралы ақпарат мүлде жалған болып шықты. Мұны маған Шавкаттың менеджері Дэнни Рубенштейн растады», - деп жазды танымал инсайдер әрі MMA Mania репортері Алекс Бегунин Твиттерде.

28 жастағы қазақстандықтың тағы бір ықтимал қарсыласы жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде төртінші орында тұрған Белал Мухаммад. Бірақ америкалық файтер рейтингте жоғары тұрған файтерлермен кездескісі келеді. Ол UFC рейтингінде екінші орында тұрған отандасы Колби Ковингтонды жекпе-жекке шақырып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;