Жұмағұлов UFC 288 турниріндегі жаңа қарсыласы туралы айтты
![Жұмағұлов UFC 288 турниріндегі жаңа қарсыласы туралы айтты](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/203991_21121b71f0c9d22c3a7ea594e5528fb3.png?v=28704024)
Америкалық Нэйт Мэнесс жекпе-жектен бас тартқаннан кейін қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұловтың жаңа қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жаңа қарсылас табылды. Бұрын белгіленген күнде жекпе-жек өткіземіз. Оның қарсыласы да кездесуге шыға алмайтын болған, сол үшін екеміз жекпе-жек өткіземіз. Бірақ бұл файтердің есімін қазірше айтуға болмайды», - деді Жұмағұлов Legalbet.kz сайтына.
Айта кетейік, америкалық Нэйт Мэнесс жарақатына байланысты 6 мамырда қазақстандық Жалғас Жұмағұловқа қарсы өтетін жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.
Отандасымыз UFC 288 турнирінде өнер көрсетеді.