русский язык
Теннис

WTA рейтингі жаңарды. Рыбакина нешінші орында?

WTA рейтингі жаңарды. Рыбакина нешінші орында?

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жетінші орында қалды. Ол өткен демалыста Miami Open турнирінің финалында чехиялық Петра Квитовадан жеңіліп қалған.

Квитова сол жеңістен соң екі сатыға жоғарылап, әлемнің оныншы ракеткасы атанды.

Ал үздік үштік өзгерген жоқ. Көш басында польшалық Ига Швентек, беларусьтік Арина Соболенко екінші орында, үздік үштікті америкалық Джессика Пегула түйіндейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;