русский язык
ММА

Шавкат Рахмонов Чимаевтың постынан кейін қасқырлар туралы мәтінін өшіріп тастады ма?

Шавкат Рахмонов Чимаевтың постынан кейін қасқырлар туралы мәтінін өшіріп тастады ма?

Қазақстандық Шавкат Рахмонов Instagram парақшасындағы қасқырлар туралы жазбасын өшіріп тастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде дәстүрлі қазақ киімін киіп, қасқыр терісімен безендірілген креслода отырған суретін жариялаған.

«Біреулер өзін қасқырмын десе… Қасқырлар біздің астымызда», — деп жазды спортшы.

Бірақ бұл жаңалық жарияланған уақытта Шавкаттың жазбасында мәтін өшірілген.

Айта кетейік, Шавкат жарияланғаннан кейін тегі шешен швециялық файтер Хамзат Чимаев Instagram желісіндегі парақшасында «Өмірде қорқау болғанша, қасқыр болып жүрген құрмет» деген пікір қалдырып, кейінірек қасқырмен видео жариялады.

Еске салайық, Шавкат UFC-дегі кейінгі жекпе-жегінде үшінші раундта америкалық Джефф Нилді жеңген болатын. Чимаев кейінгі жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде UFC 279 турнирі аясында өткізіп, бірінші раундта америкалық Кевин Холландты жеңген еді. Оның келесі қарсыласы әлі ресми түрде анықталған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;