русский язык
Басқа

Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан әлем кубогі аяқталды. Аталған сында қазақ қызы Эльжана Таниева жүлдегерлер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Эльжана ұршық, доп және таспа жаттығуы бойынша финалға шыққан болатын. Ақтық сын қорытындысы бойынша ол 30.900 ұпай жинап, күміс медаль иегері атанды. Алтын жүлдені Өзбекстан құрамасының үздігі Тахмина Икромова иеленсе, қоланы бразилиялық Барбара Домингес еншілеген.

Бұл сында өнер көрсеткен тағы бір қазақ гимнасты Милана Парфилова іріктеу кезеңінен өте алған жоқ. Айта кетелік, Эльжана Таниева Ресейдегі Иран Винер атындағы көркем гимнастика академиясында жаттығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;