русский язык
Теннис

Юлия Путинцеваның Чарльстон турниріндегі қарсыласы анықталды

Юлия Путинцеваның Чарльстон турниріндегі қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның екінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцеваның Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жарыс 3-9 сәуір аралығында өтеді.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, қазіргі кезде рейтингте 1081-орында тұрған украиналық, WTA жарыстарының 16 дүркін жеңімпазы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Элина Свитолинамен ойнайды.

Белгілі теннисші Гаэль Монфиске күйеуге шығып, сәбилі болған Э.Свитолина кортқа қайта оралып отыр. Элинаның бабы қандай, оны алдағы ойын көрсетеді.

Чарльстонда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өнер көрсетпейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;