Еуро-2024 іріктеуі: Тағыбергеннің голы екінші турдың үздік голы атанды
![Еуро-2024 іріктеуі: Тағыбергеннің голы екінші турдың үздік голы атанды](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201736_1e34cb5f26c5e012594e51fdf5301eb0.jpg?v=28702696)
Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің 2-ші турындағы үздік голын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турдың ең әдемі голының авторы атағына үміткерлердің бірі – Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Дания құрамасының қақпасына алыстан соққан голы болған еді.
Бұл номинацияда Асхаттың бәсекелестері – Букайо Сака (Англия), Андрей Бурка (Румыния) және Владислав Морозов (Беларусь) атанды.
УЕФА қауымдастағы Тағыбергеннің голын үздік деп таныды. Екінші орынды ағылшындық Букайо Сака алды.