русский язык
Хоккей

«Металлургтің» канадалық қорғаушысы «Барысқа» ауысуы мүмкін

«Металлургтің» канадалық қорғаушысы «Барысқа» ауысуы мүмкін

Канадалық қорғаушы Коди Карран мансабын «Барыста» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Карран 2022/23 маусымын Магнитогорск "Металлургінде" өткізді. Тұрақты маусымда 33 жастағы қорғаушы 57 ойында 22 (6+16) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінде ол 11 ойында 5 нәтижелі пас берді.

Биылғы маусымда «Металлург» Гагарин кубогының Шығыс конференциясының жартылай финалына дейін жетіп, серияда «Авангардтан» (0:4) жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;